Атырау, 9 ақпан 20:10
 ашықВ Атырау -10
$ 511.18
€ 530.60
₽ 5.28

Алматы облысында тұрғынның 69 млн теңгесін алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

780 просмотра
Polisia.kz.

Алматы облысында тұрғынның 69 млн теңгесін алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының полицейлері ірі көлемдегі алаяқтық қылмысты ашты. 51 жастағы күдікті отандасының сеніміне кіріп, бизнесті сату сылтауымен 69 миллион теңгені иемденген.  

 Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жәбірленуші мен күдікті көршілес елдің азаматтары. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің қылмысы дәлелденіп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.  

 Полицейлер қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, күдіктінің басқа да алаяқтық істерге қатысы бар-жоғын тексеруде. Тергеу жұмыстары жалғасуда.  

Азаматтарды ірі мәмілелер жасауда сақ болуды және серіктестер туралы ақпаратты мұқият тексеруді ескертеміз.

17 қаңтар, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.