Атырау, 3 қаңтар 04:04
 ашықВ Атырау -13
$ 505.53
€ 593.44
₽ 6.34

​Қазақстанда шұғыл медициналық көмек тегін көрсетіледі

1 008 рет қаралды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бүгін қазақстандықтарға маңызды ақпарат таратты. Хабарламаны ведомство 2025 жылдың 17 қаңтарында өзінің Telegram арнасында жариялады.

"Барлық шұғыл медициналық көмек – МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін көрсетіледі", - делінген хабарламада.  

Қандай жағдайларда шұғыл қызметтің көмегіне жүгінуге болады?

Созылмалы немесе әлеуметтік мәні бар аурудың өршуі, ЖРВИ белгілері немесе жарақаттар болған жағдайда сіз әрқашан жүгіне аласыз:

  • фильт️р-кабинетке немесе өзінің немесе жақын маңдағы емхананың кезекші дәрігеріне
  • жақын маңдағы аурухананың қабылдау бөлімшесіне
  • жедел жәрдем шақырыңыз

Егер мен шұғыл емханаға немесе ауруханаға барсам, мені зерттеп-қарап, емдей ме?

Иә. Денсаулық жағдайын тұрақтандыру үшін қажет нәрсенің бәрі сізге ТМККК пакетінде толығымен тегін көрсетіледі.

Оның ішінде диагнозды верификациялау және емдеу тәсілін анықтау үшін арнайы  мамандардың қажетті зерттеп-қараулары мен консультациялары, қажет болған жағдайда бекітілген тізбеге сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және тәулік бойы стационарға емдеуге жатқызу.

Егер сіз шұғыл көмекке жүгінген әлеуметтік мәні бар немесе созылмалы ауру бойынша Д-есепте тұрсаңыз, сізге ТМККК пакетінде медициналық қызметтер көрсетуді жалғастыратын болады. 

Сондай-ақ, «туберкулез» диагнозы қойылған пациенттерге оңалту көмегі ТМККК пакетінде көрсетілетінін еске саламыз.

17 қаңтар 2025, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.