Атырау, 9 ақпан 20:12
 ашықВ Атырау -10
$ 511.18
€ 530.60
₽ 5.28

БҚО-да қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы тағайындалды

880 просмотра
Сурет: gov.kz

Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы тағайындалды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі. 

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына әділет полковнигі Акшауов Болатбек Искакович тағайындалды. Жаңа тағайындалған басшыны жеке құрамға Ішкі істер министірлігінің тергеу департаментінің бастығы полиция полковнигі Кожаев Мұхтар Жұмабайұлы таныстырды", - делінген хабарламада.       

Б.Ақшауов ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді. Еңбек жолын полиция қызметінде қарапайым учаскілік инспектордан бастаған. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша полиция департамент бастығының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.

17 қаңтар, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.