
2025 жылғы 15 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті экономикалық тергеп-тексеру, полиция және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп темекінің ірі партиясын елге заңсыз әкелудің жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Ілеспе құжаттарсыз 170 мың қорап көлемінде темекі өнімдерін электртехникалық бұйымдары есебінен Мемлекеттік шекарадан алып өтпек болған.
Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны 50 млн теңгеден асады.
Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін тиісті органға берілді.
В Атырау -5