Атырау, 12 желтоқсан 06:34
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

​Қызылорда облысында жаңадан су қоймасы мен каналдар салынады

295 рет қаралды
Көрнекі сурет

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қызылорда облысына жаңадан су қоймасы мен каналдар салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Бұдан бөлек, 2 су торабы мен 4 гидротехникалық құрылысқа реконструкция жасалады. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов аймақтың су шаруашылығы өкілдерімен кездесті.  

Ведомство басшысы министрліктің негізгі бағыттар бойынша атқарған жұмысы туралы баяндады. Бүгінгі таңда, Қызылорда облысында жалпы ұзындығы 232 шақырымға жуық 5 каналда суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орната отырып, су жинау станцияларын реконструкциялау жобасы іске асырылып жатыр. Оған қоса, ұзындығы 2600 шақырымнан асатын 16 магистральдық және шаруашылықаралық арналарды автоматтандыру үшін жобалау- сметалық құжаттама әзірленуде.

Облыста су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша да жұмыс жалғасуда. Мәселен, өткен жылы Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді.

17 қаңтар, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.