Атырау, 23 наурыз 13:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Қай жол көлік қозғалысы үшін ашылғаны хабарланды

319 рет қаралды

ҚазАвтоЖол 17 қаңтарда төменде көрсетілген облыстарда қай бағыттағы жолдар көлік қозғалысы үшін ашылғанын хабарлады. 

Атырау облысында

  • сағат 02:00-де “Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау” автожолының 0-120 шақырым аралығындағы учаскесінде (Доссор ауылы-Құлсары қ.) жеңіл көліктер үшін қозғалыс ашылды
  • сағат 07:30-да “Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау” автожолының 0-210 шақырым аралығындағы учаскесінде (Доссор ауылы-Манғыстау обл.шекарасына дейін.) көлік қозғалысы ашылды.

Манғыстау облысында  

  • сағат 07:30-да “Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау” автожолының 210-220 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атырау обл.шекарасынан-Боранқұл ауылына дейін.)  көлік қозғалысы ашылады. 

Жетісу облысында  

  • сағат 08:30-да Жетісу облысында Үшарал-Достық автожолының 84-164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көктұма стансасынан Достық ауылына дейін) көлік қозғалысын ашу жоспарлануда.  
17 қаңтар 2025, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.