Атырау, 12 желтоқсан 06:34
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

​Павлодарда алаяқтарға көмектескен отбасылық жұп ұсталды

278 рет қаралды

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері «телефон» алаяқтарына көмектескен отбасылық жұпты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел іздестіру іс-шаралары ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен жүргізілді.

– Жалдамалы пәтерде әрқайсысында 8 слоты бар 5 sim-box құрылғысы анықталды. Онда қазақстандық ұялы байланыс операторларының sim-карталары орнатылған. Олардың көмегімен республика аумағында интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылатын виртуалды абоненттік нөмірлер тіркелген. Сонымен қатар 4 роутер мен қазақстандық және шетелдік байланыс операторларының 53 sim-картасы тәркіленді. Ұсталғандар полицияға жеткізілді. Анықталғандай, олардың міндетіне апта сайын құрылғылардағы sim-карталарды ауыстыру кірген. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, интернет-алаяқтармен және олардың сыбайластарымен белсенді күресті жалғастырып келеді. Жыл басынан бері 9 мыңнан астам нөмір бұғатталды. Олар арқылы 200 мың алаяқтық қоңырау шалынған.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері 28 интернет-алаяқты, sim-box станцияларының 3 «операторын» ұстап, 7 sim-box құрылғысы мен түрлі ұялы операторлардың 285 sim-картасын тәркіледі.


17 қаңтар, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.