Атырау, 9 ақпан 19:04
 ашықВ Атырау -10
$ 511.18
€ 530.60
₽ 5.28

​Сарыөзек әскери бөлімінде тағы бір сарбаз мерт болды

436 просмотра

Оқиға №12740 әскери бөлімінде сейсенбі, 14 қаңтарда болған, деп Ratel.kz хабарлайды.

«14.01.25 күні сағат 12.30 шамасында 12740 (Сарыөзек) әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі, 04.06.2006 ж.т., қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы АК-74 автоматымен жүрегіне оқ атқан. Ол сол жерде қайтыс болған. Ол әскер қатарына 19.10.24 күні Түркістан облысы, Мақтарал аудандық ҚДБ арқылы қабылданған», - делінген хабарламада.

Сарыөзек әскери гарнизонына оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді:

– Әскери-далалық оқу-жаттығулар кезінде әскерге шақырылған сарбаз атыс қаруын қолдану ережесін бұзып, төс сүйегінен жарақат алды. Қылмыстық іс қозғалды. Себептері анықталып, тергеу шаралары жүргізілуде, ҚР Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы басқаратын арнайы комиссия тағайындалды. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, көмек көрсетілетін болады.
16 қаңтар, 22:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.