Атырау, 16 қаңтар 21:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Маңғыстаудағы сарбаз өлімі: куәгер оқиғаны баяндап берді

137 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында мерзімді сарбаз Марат Барқұловты өлтіру ісі бойынша куәгерлерден жауап алу жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 жастағы мерзімді сарбаз Марат Барқұловты қасақана өлтірді деп Қорғаныс Министрлігінің "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 25744 әскери бөлімі взводының бұрынғы командирі Дамир Досов айыпталуда.

Сотта теңіз бригадасының әскери қызметшілерінен жауап алынды. Куәгер Махсым Дангаров кісі өлтіру сәті қалай болғанын айтып берді.

"Мен шатырға келгенімде, ол жерде лейтенант Досов болды. Одан туыстарыма, әпкеме қоңырау шалу үшін телефон сұрадым. Ол телефонды беріп, өзі бір жерге кетіп қалды. 10-15 минуттан кейін Барқұлов келіп, досына қоңырау шалуымды өтінді. Ол менің сол жағымда отырған. Шамамен, тағы 5-10 минут өткеннен кейін Досов келіп: "Не істеп жатырсыңдар? Охр...ли с...ки" — деп мылтықты алып, оны оқтап біздің бағытқа қарай оқ жаудырды. Осы сәтте Барқұлов құлады", — деді Махсым Дангаров.

Қастандық кезінде Марат Барқұловтың қолынан телефон түсіп кеткен. Ол кезде ол досымен бейнеқоңырау арқылы сөйлесіп отырған. Махсым Дангаров ұялы телефонды көтеріп, қоңырауды өшірген. Дангаровтың айтуынша, әдетте сарбаздарға қоңырау шалуға жексенбі күні ғана рұқсат берілетін. Ал, оқиға сенбі күні болды.

Дангаров Досовты жақсы адам, бірақ жаман әскери қызметші деп сипаттады. Оның айтуынша, Досов жауапсыз, өйткені ол жұмыс уақытында ұйықтайтын, оған "бәріне бәрібір болды".

Бүгін, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.