Атырау, 15 ақпан 09:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

Дәулеткерей Кәпұлы АЛЖИР мұражайының директоры болып тағайындалды

538 рет қаралды
Cурет: 24KZ телеграм арнасы

Белгілі ақын, айтыскер, әдебиеттанушы Дәулеткерей Кәпұлы Астана қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» директорының орынбасары, АЛЖИР мұражайының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform. 

Дәулеткерей Кәпұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Дарын Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. 

Еуразия университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы (1999-2005), Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қазақ филологиясы факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы (2006-2008) қызметтерін атқарған. Астана қаласы әкімдігі, Мәдениет басқармасының қызметкері болып жұмыс істеген. 

Елордада жарық көрген «Алтын тамыр» әдеби-танымдық журналының шеф-редакторы, Астана қаласындағы «Фолиант» баспасы директорының орынбасары болып қызмет атқарған. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті директорының орынбасары қызметінде болған.

Аталған университеттің PhD доктаранты.

Бұған дейін Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының төрағасы болды.

16 қаңтар 2025, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.