Атырау, 16 қаңтар 21:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

​Қазақстан мен Қытай арасында тасымалданған жүк көлемі 32 миллион тоннадан ас​ты

110 просмотра

2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасында теміржол көлігімен тасымалданған жүк көлемі 32 миллион тоннадан асып, тарихи көрсеткішті көрсетті, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі. 

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті хабарлады.  
Сонымен қатар, Қазақстанның экспорт көлемі 1 миллион тоннаға артып, 13,7 миллион тоннаны құрады. Негізгі экспортталған жүктердің қатарында темір және түсті металл кендері, қара және түсті металдар, астық өнімдері бар.  

Импорт 5%-ға өсті, ал Қазақстан арқылы транзиттік тасымал 19%-ға артып, 15,3 миллион тоннаны құрады.  

Контейнерлік транзит көлемі Еуропа бағытында 43%-ға өсті.  
Айта кетейік, өсімнің маңызды факторы ретінде Сиань Халықаралық құрғақ портындағы қазақстандық терминалдың ашылуы әсер етті. 

2024 жылы осы терминал мен Ақтау порты арқылы 300-ден астам контейнерлік пойыз өтті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30 есе көп.

Бүгін, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.