Атырау, 16 қаңтар 18:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Ақтөбе тумасы Apple компаниясының басшылық лауазымына тағайындалды

111 просмотра

Ақтөбелік Әділхан Қопабаев Apple компаниясына басшылық қызметке орналасты.

«Мен Apple Inc компаниясына Орталық Азия және Армениядағы мемлекеттік саясат және мемлекеттік істер бөлімінің басшысы ретінде тағайындалғанымды хабарлаймын», - деп жазды Әділхан Instagram парақшасында.

Әділхан Қопабаев 1995 жылы 9 шілдеде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Оңтүстік Корея мен АҚШ-та оқыған. Ол еңбек жолын 2014-2016 жылдары KazAlliance NPO (Сеул, Оңтүстік Корея) филиалының басшысы болып бастады. 

  • “ICON" халықаралық консалтинг ұйымында (Сеул, Оңтүстік Корея; Стокгольм, Швеция; Нью-Йорк, АҚШ; Шанхай Қытай) бизнес-сарапшысы қызметін атқарды (2016-2018);
  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі (2018-2019);
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бас экономист-маманы (2019-11.2019);
  • Премьер-министр Кеңсесінің (Үкіметтің жобалық кеңсесі) қызметкері (11.2019-2021 ж.);
  • Браун университетінде (Провиденс, АҚШ) зерттеуші талдаушы (2021-2022);
  • АҚШ Ұлттық көлік жүйелері орталығының бизнес-сарапшысы DOT Volpe (Бостон, АҚШ) (2022-2023);
  • PFPchat бас директоры (Бостон, АҚШ) (2021-2023) болып жұмыс істеген. 

2023 жылы Әділхан Қопабаев Қазақстанға оралып, Энергетика министрлігінің "Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы" АҚ бас директоры қызметіне тағайындалды.

Бүгін, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.