Атырау, 12 желтоқсан 06:37
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Елорда тұрғындары жалған құжаттарды пайдалана отырып, заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін сотталды

420 рет қаралды
gov.kz

Қаланың екі тұрғыны Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан және Ресей Федерациясынан келген 49 шетелдіктерге заңсыз Қазақстан Республикасының азаматтығын және уақытша тұруға арналған рұқсат алуды ұйымдастырған.

Олардың бірі жалған неке куәліктерін, медициналық анықтамаларды және басқа да құжаттарды жасап, екіншісі клиенттерді тауып, біріншісімен байланыстырған.

Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде олар әр шетелдіктен 80 мыңнан 1 млн теңгеге дейін табыс тапқан.

Сотта мемлекеттік айыптаушымен сотталушылардың кінәсі дәлелденді.

Сот үкімімен оларға 1 жыл 6 ай және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Заңсыз алынған 107 мың АҚШ доллары, 2,5 млн теңге және 200 мың рубль сомасында ақшалай қаражаттар мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

16 қаңтар, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.