Атырау, 16 қаңтар 16:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

​Пойыз жолсерігі мен бастығы ресімделмеген 108 келі жүкті анықтаған ҚТЖ бақылаушысына шабуыл жасаған

124 просмотра

ҚТЖ пойыздық бригадасын бақылау жөніндегі бас менеджерлер Тараз-Шымкент учаскесінде "Маңғыстау - Алматы" қатынасындағы №77 жолаушылар пойызына тексеру жүргізді. Тексеру жолаушылар пойызы бастығының қатысуымен жүргізілді, оның барысында №8/15892 вагонында Түрксіб станциясынан Шымкент станциясына дейін жалпы салмағы 108 кг (жүз сегіз килограмм) ресімделмеген багажды тасымалдағаны анықталды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Жолаушылар вагоны жолсерігіне қатысты бұзушылыққа байланысты нөлдік төзушілік қағидатына негізделген шаралар қабылданды. Жолсерікпен еңбек шарты бұзылды.

Сонымен қатар, жолсерік пен пойыз бастығы тексеру барысында дөрекі сөз сөйлегені және пойыз бригадасының жұмысын бақылауды жүзеге асырған қызметкерге қатысты күш қолданған.

Қазіргі уақытта денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.

Бүгін, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.