Атырау, 12 желтоқсан 06:37
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Диспетчерлердің экипажбен арадағы ​әңгіме: Комиссия ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді

374 рет қаралды

Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines ұшағының қара жәшігінің оқылуына қатысты ақпарат бойынша Көлік министрлігі комиссия ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді деп мәлімдеді. 

"ҚР Көлік министрлігіне қарасты авиациялық оқиғаның себебін анықтау жөніндегі арнайы Комиссиясының жұмысы жалғасуда. Алдын ала есеп жарияланғанға дейін Комиссия ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді.

Естеріңізге сала кетейік, Комиссия ҚР заңнамасының талаптарына және ИКАО-ның 13-қосымшасының талаптарына сәйкес алдын ала есеп жариялайды. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат болады", - делінген Көлік министрлігінің таратқан хабарламасында.

16 қаңтар, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.