ҚР АШМ ЦДИАӨМ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірге «2.0 ХҚКО» АЖ бірыңғай цифрлық платформасы шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу жүйесін құру жөніндегі жобаны іске қосады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Жоба Премьер-Министрдің ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге, сондай-ақ аграршылар үшін мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған тапсырмасына сәйкес бастамашылық етті.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов «2.0 ХҚКО» АЖ-дағы ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу жүйесі мемлекеттік қызмет көрсету уақытын қысқартуға, деректерді өңдеу кезінде қателерді барынша азайтуға және ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу мен тіркеу үшін бірыңғай цифрлық кеңістік құруға мүмкіндік беретінін атап өтіп, жобаны іске асыру туралы айтты.
Машиналарды бастапқы тіркеу жөніндегі функцияның пилоттық іске қосылуы 2024 жылғы тамызда Алматы және Қостанай қалаларында өтті. Жүйенің мүмкіндіктері, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушылар үшін әлеуметтік жеңілдіктерді ескере отырып, электрондық кезек арқылы өтінімдерді қабылдау, орталықтандырылған деректер базасы арқылы құжаттар мен техника туралы деректерді тексеру, цифрлық тіркеу құжаттарын беру бойынша сынақтан өткізілді.
2025 жылдың екінші тоқсанынан бастап ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер ХҚКО арқылы көрсетілетін болады. Қызметтер тізбесіне техниканы тіркеу және қайта тіркеу, тракторшы-машинист куәліктерін беру, кепілдерді мемлекеттік тіркеу және техникалық байқау жүргізу кіреді.
«Қызмет көрсетудің цифрлық форматы Қазақстанның ауыл шаруашылығын жаңғырту мен цифрландыруға жасалған маңызды қадам болып табылады, бұл ұзақ мерзімді перспективада өнімділікті жақсартуға және аграршыларды күнделікті қызметінде қолдауға ықпал ететін болады», - деп түйіндеді вице-министр.