Атырау, 16 қаңтар 14:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Араға 15 ай салып Израиль мен ХАМАС мәмілеге келді: Газадағы соғыс тоқтайды

77 просмотра

Фото: Getty Images

Израиль мен ХАМАС Газа секторындағы соғысты тоқтатуға келісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасай отырып.

Тараптар арада 15 ай өткенде мәмілеге келді, Газа секторында соғыс тоқтайтын болды. Катардың премьер-министрі Мұхаммед бин Абдель Рахман Әл-Танидың сөзінше, егер Израильдің министрлер кабинеті құптаса, келісім жексенбі күні күшіне енеді.

Тұтқында отырған палестиналықтардың отбасылары бұл жаңалықты қуанышпен қарсы алды, дегенмен дәл қазір Газа секторындағы атыс толастаған жоқ.

ХАМАС-тың басқаруындағы азаматтық қорғаныс агенттігі Катардағы келісім туралы айтылған соң да Израильдің әуе шабуылдарынан 20 адамның көз жұмғанын хабарлады. Катардың үкіметінің басшысы алғашқы 6 апталық «тыныштық» кезеңінде екі жақты сабырлы болуға шақырды. Оның айтуынша, израильдік түрмелерде жатқан тұтқындарға 33 адам айырбас жасалады. Израиль әскері Газаның халық тығыз орналасқан аудандарынан шығысқа қарай жылжиды, босып кеткен палестиналықтар өз үйіне орала бастайды және күніне жүздеген көлікпен гуманитарлық көмек жіберіледі. Мәміленің екінші кезеңінде қалған тұтқындар босатылып, израильдік әскерлер толықтай Газадан кетіп, бейбітшілік орнамақ. Соңғы кезеңде Газаны қайта қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп, қаза тапқан тұтқындардың денелері қайтарылады.

Айта кетсек, ХАМАС-тың бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соғыс басталғалы бері 46 700 адам көз жұмды.

Бүгін, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.