Атырау, 25 желтоқсан 21:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына басшы тағайындалды

206 просмотра

Облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВТІҢ өкімімен Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының лауазымына Данияр ОРЫНБАСАРОВ тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Данияр Орынбасаров 1987 жылы Атырау облысында дүниеге келген. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің «Мұнай газ ісі» және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығын тәмәмдаған. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

Еңбек жолы:

2008 жылы «Нұрлы Жол» ЖШС инженері; 

08.2009 - 06.2011 жылдар аралығында «Bateman Kazakhstan Oil&gas Company B. V»компаниясы Атырау филиалының супервайзері;

03.2012 - 10.2017 жылдар аралығында Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті мен Мемлекеттік Кірістер комитетінің түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.

10.2017 - 08. 2022  жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Инвестициялық саясат департаменті мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту басқармасының бас сарапшысы, инвестициялық саясат басқармасының басшысы, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

08.2022 - 02.2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялдық-инновациялық даму бөлімінің бас консультанты болып істеді.

02.2023 - 09.2023 жылдар аралығында  ҚР Үкіметі аппаратының нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің бас консультанты;

09.2023 жылдан бастап тағайындалғанға дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында болды.

Бүгін, 08:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.