Атырау, 6 сәуір 0022
 бұлттыВ Атырау +14
$ 504.34
€ 556.34
₽ 5.97

Сарытоғай ауылына Пшөн есімді ерікті итке арналған мүсін орнатылмақ

Бейнежазба
905 просмотра
Видеодан скриншот

Атыраулық мүсінші Азамат КЕНЖЕҒАЛИЕВ бүкіл елдің сүйіктісіне айналған ерікті ит Пшөннің құрметіне ескерткіш жасады. 

Естеріңізге салсақ, Пшөн 28 қарашада Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында ит аулаушының жебесінен қаза тапқан еді. Сол күні ит аулау қызметіне шағым түскен: Қожабеков көшесіндегі аулаға бірнеше ит кіріп кетіп, балалар үйден шығуға қорыққан. Қызметкерлердің бірі найза қолданып, Пшөнды өлімші етіп жаралаған. 

Пшөн ауылдың нағыз мақтанышы болды. Ол берілген бұйрықтарды түсініп, салынып жатқан бөгетке құм салынған қаптарды тасымалдауға көмектескен видеосы арқылы қазақстандықтардың жүрегін жаулап алған еді. Бұл әрекеті оны адалдықтың символына айналдырды.

Металл композициясы Пшөн мен оның ерлігін паш ету арқылы  жануарларға мейірімділік пен қамқорлықтың қаншалықты маңызды екенін еске салады. 

Біз оны су тасқыны кезінде көрдік, мейірімді, сүйкімді ит ретінде есте қалды. Оның өлтірілгенін естігенде, жүрегім қатты ауырды. Жанынан өтіп бара жатқан жандар оның жақсылығын еске алып, суретке түсу үшін ескерткіш жасауды жөн көрдім. Ескерткіш көшеге қойылса, жан-жануарлардың мейірімін ұмытпас үшін естелік пен құрмет белгісіне айналады. Бұл жай ит емес-ті – ол облыстың көптеген тұрғындары секілді бөгет салуға атсалысып, өзінің болмысымен халықты шабыттандырған еді, - дейді А.Кенжеғалиев. 

Азамат Индер ауданының орталығы – Индербор кентінде тұрады. Жасы 45-те, Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында туып-өскен. 1989 жылы Атырау облысына қоныс аударған. Ол өз шеберханасында темірден түрлі мүсін жасайды. 

Азаматтың таныстары ескерткішті Пшөн туып-өскен ауылдың көшелерінің біріне орнатуды, тіпті осы мақсатқа қаражат жинауды да ұсыныпты. 

 – Айтайын дегенім, мен мұны ақша үшін жасамаймын. Жұмысым шын жүректен жасалған, тек дүниеде осындай мейірімді ит өмір сүргенін және кішкентай достарымызға қамқорлық жасау, оларды қорғау қаншалықты маңызды екенін ұмытпасақ деймін, - дейді Азамат.

Айнұр САПАРОВА

24 желтоқсан 2024, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16