Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі (лицензиясыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) бойынша ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Cотта ЖШС 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап лицензиясыз және тиісті рұқсатсыз білім беру қызметімен айналысып, 2024-2025 оқу жылына 318 оқушыны қабылдағаны анықталды.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 25 АЕК (92 300 теңге)мөлшерiнде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза көзделген. Сот қаулысымен айыппұлдың жалпы сомасы 30 пайызға (64 610 теңге) қысқартылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.