Атырау, 18 желтоқсан 22:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Неліктен Қазақстан мұнай-газхимия саласын дамытпақшы

1 516 просмотра

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында мұнай-газхимиясы саласын одан әрі дамыту – маңызды міндет екенін атап өтті.  Бұл саланың ел экономикасын әртараптандырудағы үлесі, полипропилен мен полиэтилен өндірісінің маңыздылығы, сондай-ақ Теңіздегі газ бөлу кешенінің қоршаған ортаға әсері туралы мұнай-газ саласының ардагері Садуохас Мералиевтің пікірін білген едік.

 Мұнай-газхимиясы өндірісін дамыту мен импортқа тәуелділіктен құтылу мақсатында таңдалған мемлекеттің стратегиясын қалай бағалайсыз?

Мұнай-газхимиясы өндірісін дамытуда Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда қандай артықшылықтарға ие?

Неліктен газ сепарациялау кешенін Теңіз кен орнының жанында орналастыру туралы шешім қабылданды?

Мұнай-газхимиясы жобаларын жүзеге асыру Қазақстан үшін қандай мүмкіндіктер ашады?  

 Бұл өте дұрыс шешім. Менің ойымша, импортты жойып, көршілес елдерден келетін мұнай-газхимия өнімдеріне тәуелділікті азайту қажет. Ең негізгі міндет – елімізде полимер өнімдерін тұтынуды арттыру. Дүниежүзі бойынша ең көп пайдаланылатын полимерлер: полиэтилен -50% мен полипропилен -25%, ал қалған 25% -ды ПЭТФ секілді өзге де полимерлер құрайды.

 Қазақстанның басты артықшылығы – шикізат. Бұл жерде Теңіз кенішінен алынатын, химиялық құрамы бірегей ілеспе мұнай газы туралы айтып отырмын. Қазақстанда мұнай-газхимиясы саласын дамыту үшін ілеспе газдың құнды фракциялары таңдалғаны кездейсоқ емес.

Біздің есептеулерімізге сәйкес, газ құрамындағы этанның мөлшері өте жоғары: шамамен 14%, ал іс жүзінде 16% дейін жетеді, сонымен қатар құрамында пропан бар. Кейбір елдерде бұл көрсеткіш небәрі 5%. Мәселен, полиэтилен өндіру үшін шикізат ретінде этилен қолданылады, ол өз кезегінде этаннан алынады, ал пропилен өндіру үшін пропан қолданылады. Сондықтан Теңіз кен орнының ілеспе газынан құрамдас бөліктерді ала отырып, біз пластик нарығының 75% құрайтын материалдарды өзімізде өндіре аламыз.

  Бұл бірегей жоба, себебі елімізде мұндай қуаттағы зауыт әлі салынған жоқ.  Біз айтып отырған газ сепарациялау кешені Теңіз кен орнынан алынған 9,1 млрд текше метр газды өңдеу арқылы оның құрамындағы 1,6 мың тонна этан мен 400 мың тонна пропанды бөліп алуға мүмкіндік береді. Алынған этан құбыр арқылы Қарабатанға жөнелтіледі. Ал тазартылған газ Теңіз кенішіне қайтарылып, одан әрі «Орта Азия – Орталық» құбыры арқылы Атырау қаласы мен бүкіл Атырау облысын қамтамасыз етуге жұмсалады. «Мақат – Солтүстік Кавказ» құбыры арқылы газдың бір бөлігі Бейнеуге жіберілсе, «Бейнеу-Бозой-Полторацкая» арқылы газ Қазақстанның шығысына жеткізіледі.

Атырау халқы газды тұрмыста кеңінен қолданатыны бәрімізге мәлім.  Газ сепарациялау кешені жобасы ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған, сондай-ақ коммуналдық шаруашылық құрылымдарын терең тазартылған және экологиялық таза газбен қамтамасыз етеді.

 Егер қуаттылығы жылына 1,2 мың тонна полиэтилен шығаратын зауыт салатын болсақ, полиэтиленнің ондаған маркасы мен кең өндірістік желісін ескерсек, әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік аламыз. Ең бастысы, ішкі нарықта полимерлерді тұтынуды жолға қойсақ, елімізде 100-ге жуық шағын кәсіпорын ашуға мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде экономиканың дамуына серпін береді. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындары құрылады. Басты міндет – мамандарымыздың біліктілігін арттыру, өйткені бұл өте жоғары технологиялы өндіріс.

«Мұнай қоры таусылған кезде, қазір жер астына қайта айдалып жатқан газ жер бетіне шығады. Осы газды шаруашылық қажеттіліктерге пайдалану алдында, газ құрамындағы құнды компоненттерді кәдеге жарату маңызды. Бұл ресурс көптеген жылға жетеді. Уақыт аз, сондықтан қосылған құны жоғары өнім өндірісіне көшу мүмкіндігін пайдалану өте маңызды.»

 

10 желтоқсан, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.