Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, бұған бірнеше себеп бар.
Пациенттердің бірі Гүлбану тіркелген емханасынан дәрісін уақытында ала алмай жүргенін айтады:
- Былтырдан бері Гепатит В диагнозымен Тасқала емханасында тіркеуде тұрамын. Тағайындалған дәрімді алайын десем, дәрі жоқ деген жауап береді. Ол қаншалықты рас? Дәріні тек әкімдікке шағым түсіргесін ғана барып аламын, оған дейін берілмейді, - дейді ол.
- Мен қалалық 7 емханадан "судорогаға" ішетін "Депакин" препаратын алып жүргенмін. Қазір ол дәрі жоқ дейді, ал мұндай дәріні тоқтатуға болмайды, - дейді тағы бір тұрғын.
“АЖ” сауалына Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы, диагнозы бойынша азаматтарға тегін берілетін дәрілік заттардың кейде уақытылы алынуы қиындық тудыратынын мәлімдеді.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы, диагнозы бойынша азаматтарға тегін берілетін дәрілік заттардың кейде уақытылы алынуы қиындық тудыратынын мәлімдеді.
Дәрілік заттардың кешігіп берілуінің бірнеше себебі бар. Атап айтқанда, дәрілік заттардың тасымалдану процессі өте ұзақ уақытты алуы немесе белгілі бір дәрілік заттарды сатып алуға қатысуға ниет білдіретін жеткізушілердің болмауы, слнымен қатар науқастар санының көбеюі қосымша сұранысқа әкеліп, ұзақ қабылдануына себеп болады.
Басқармадағылар пациенттердің сұраныстары жекеленіп қаралмайтынын, өйткені бір диагнозбен бірнеше науқас тіркелуі мүмкін екенін түсіндірді. Егер бір науқас дәрілік затынан бас тартқан жағдайда, ол кезектегі келесі науқасқа беріледі.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ