Атырау, 18 желтоқсан 22:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Контейнерден сасыған иіс: «Спецавтобаза» ЖШС Атырау тұрғын үй кешендеріне қарсы шықты

416 просмотра

«Спецавтобаза» ЖШС «Томирис» тұрғын үй кешеніне шағым түсірді: тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерден полиэтилен қоқыс дорбаларына ұқыпты етіп оралған адам нәжістері табылды. "AЖ" тілшісі бұл не жағдай екенін анықтап көрді. 

27 қарашада "Спецавтобаза" қызметкерлері Уәлиханов көшесінде орналасқан №274 орындағы қоқыс жәшіктерін босатуға келеді. Жәшіктің ішінде тұрмыстық қалдықтар емес, иісі мен түріне қарағанда адам нәжістері. Ең қызығы, қызметкерлер жәшіктің ішіндегіні не істейміз деп ойланып тұрғанда, қастарына арба сүйреткен сантехниктер келе қалды. Арбасында дәл сондай қара пакеттер жатыр. Айқай-шусыз "Спецавтобаза" қызметкерлері полиция шақыртып, арыз жазып жіберді. 

«Спецавтобаза» ЖШС директорының даму және қаржы жөніндегі орынбасары Есенжан ШАУДАНОВТЫҢ айтуынша, бұл бірінші рет кездесіп отырған жағдай емес.

– Біз «Томирис» тұрғын үй кешенінің басқарушы компаниясына нәжіс салынған қаптарды қоқыс жәшіктеріне салуды тоқтату туралы өтінішпен бірнеше рет хабарласқанбыз. Өйткені, олар бірінші кезекте қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жәшіктер. Олар үнемі бұл қара қапшықтар біздікі емес дейтін. Бірақ сол күні біздің жүргізуші қара қапшықтарды осы тұрғын үй кешеніне қызмет көрсететін мекеменің сантехниктері әкелгенін өз көзімен көрді. Оның барлығын видеоға түсіріп алған. Ең сорақысы, компания басшылығы өз кінәсін мойындамай отыр. 

Белгілі болғандай, тағы бір қиындық туғызып отырған мәселе - қоқыс таситын көліктер пресспен жабдықталған. ЖШС өкілдері түсіндіргендей, көліктің астауын толтырғанда ішіндегі қоқыстар пресс арқылы жан-жақтан қысылады, ал сол кезде «сұйықтық» салынған қаптар тесіліп, жарылып, ішіндегісі сыртына ағып кетеді. 

- Бүкіл сасыған боқ көліктің астауынан тасып, асфальтқа ағып, дақ болып қалады. Осындай бір қапты көтеріп келе жатқанда тесіліп, ішіндегісі қызметкердің киіміне жағылып, құсып қойған еді. Қоқыс жинап жүрген адамдарымыз күні бойы иісі мөңкіген көлікпен жүруге мәжбүр. Физикалық жағынан да, эмоционалдық жағынан да бұл өте қиын, - дейді А.Ізтелеуов. - Әрине, қоқыс жәшіктерінде әртүрлі иісі бар көп нәрсе болады, онсыз да иісі жағымсыз екені жасырын емес, бірақ кәріз қалдықтарының болғаны тым артық. Бұл жағдайда біз барлық ПИК-ке бұлай жасауға болмайтыны жеткізгіміз келеді. Көбіне осындайға жол беріліп жатады. «Томирис» бірінші емес, өкінішке орай, соңғысы емес деп те қорқамыз...

Мән-жайды анықтау мақсатында «Томирис» ЖШС басқарушы компаниясының директоры Ілияс МЕДЕУОВКЕ хабарласқан едік. Оның айтқаны:

– Тұрғын үй кешенімізде аулада тұрған кәріз жүйесі бар. Кәріз құдығының ішінде сорғының аузына ірі заттардың түсіп кетуіне жол бермейтін, бетіндегі майды сүзіп отыратын сүзгіш тор бар. Сорғының өзі барлық сұйықтықты орталық кәріз жүйесіне айдап жібереді. Біздің ЖШС қызметкерлері сол торды арасында тазартып отырады. Бұл сорғының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оған бөтен заттардың түсіп кетпеуі үшін жасалады. Әдеттегідей, бұл жерде нәжіс емес, шүберек және басқа заттар, негізінен, дәретханаға түспеуі тиіс заттар кездеседі. Ал оның бәрі тордың бетінде қалғанда нәжіс сияқты көрінеді және иісі де сондай ащы болады. Бірақ бұл адамның нәжісі емес. 

Жалпы, жалғыз біз емес, қаладағы әрбір ПИК осындай мәселеге тап болады. Ол сасыған заттарды қайда жібереміз? Вакуум оны алмайды. "Спецавтобаза" да алып кетуден бас тартып отыр. Осыны жояды деген мекемелердің бәріне бардым, бірақ ешкім мұны істегісі келмейді. Сондықтан қалаға осындай қызмет көрсететін сервистік компания керек. Ал әзірге оны қоқыс дорбаларына салып, контейнерге тастаудан басқа амалымыз жоқ. Әрине, шағым түскеннен кейін "Спецавтобазаның" талабы бойынша барлық пакеттерді контейнерден шығарып алдық. Бірақ құдықты тағы тазалау керек болғанда, біз не істейміз? Қайда апарып, көзін жоямыз? Мен «Су арнасына» бардым, олар ондай қызмет көрсетпейміз деді... Біз тығырыққа тіреліп тұрмыз.

Бұл жағдайға кім кінәлі, иісі мөңкіген жартылай сұйық қалдықтарды кәрізден кім шығару керек деген сұрақ әлі де жауапсыз қалып тұр. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Сурет пен видеоны түсірген автор

10 желтоқсан, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.