9 желтоқсанда бүкіл әлемде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аталып өтіледі - бұл күні БҰҰ-ның тиісті конвенциясы қабылданды, деп хабарлайды Антикор.
БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі конвенциясының мақсаты жемқорлыққа неғұрлым тиімді және пәрменді қарсы іс-қимылға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты қолдауға бағытталған шараларды нығайту болып табылады.
Қазақстан халықаралық стандарттарды имплементациялау арқылы ұлттық заңнаманы және құқық қолдану практикасын үздіксіз жетілдіре отырып, осы Конвенцияның қол қоюшысы және белсенді қатысушысы болып табылады.
Осы бағыттағы Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі ұлттық құқықтың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарын енгізу болып табылады.
Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісінің Ыстамбұл іс-қимыл жоспары шеңберінде қазақстандық заңнама мониторингінің 5-раундын бағалау нәтижелері жарияланды.
Мониторинг енгізілетін шаралардың тиімділігіне бағдарланған жаңа әдіснама бойынша жүргізілгенін атап өткен жөн.
ЭЫДҰ сарапшыларының есебінде Қазақстанның негізгі салаларды реформалаудағы елеулі жетістіктері атап өтілді, сондай-ақ одан әрі дамыту үшін ұсынымдар берілді.
Қазақстан Орталық Азияда жемқорлыққа қарсы реформаларды іске асырудың жүйелілігі мен жоспарлылығы бойынша озық нәтижелерді көрсете отырып, өңірдегі көшбасшылықты нығайтты. Мамандардың пікірінше, ел халықаралық стандарттарды ұлттық ерекшеліктерге бейімдей отырып, тиімді пайдаланады.
Сондай-ақ, 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдаманы нақты іс-қимыл жоспарымен, жобалық тәсілмен және орындалуын қоғамдық бақылаумен енгізу жолымен жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру атап өтілді, бұл оны іске асырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді .
Сарапшылардың пікірінше, электрондық платформалар ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, қоғамдық мониторинг құралдарын күшейте отырып және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайта отырып, конкурстық рәсімдердің барлық кезеңдерін қамтитын мемлекеттік сатып алудың ашықтығы артты.
ЭЫДҰ талдаушылары бизнестегі парасаттылықты нығайту жөніндегі жұмысты жоғары бағалады. Бұған квазимемлекеттік компаниялар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу және енгізу, сондай-ақ корпоративтік басқару кодекстерін енгізу ықпал етеді. Бизнес-омбудсмен институтының қызметі оң атап өтілді.
Сондай-ақ ЭЫДҰ есебінде Қазақстанның жемқорлыққа қарсы мамандандырылған институттар мен органдарды, оның ішінде заңсыз алынған активтерді қайтарумен айналысатын органдарды құру, жоғары лауазымды адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмысты жандандыру жөніндегі прогресіне назар аударылған.
Сонымен қатар халықаралық сарапшылар Қазақстанға жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар берді, оның ішінде:
-сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеу тетіктерін нығайту, оның ішінде ықпал ету саудасы үшін, заңды тұлғаларға қатысты пара уәде еткені (ұсынғаны) үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу;
-сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдардың құқықтарын қорғауды күшейту және тәсілдерді жетілдіру;
-декларациялау жүйесін және мүдделер қақтығысы институтын жетілдіру;
-жұртшылықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға белсенді тарту.