Атырау, 19 желтоқсан 00:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

Беташар ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасы тізіміне енді

275 просмотра
Фото: freepik.com

Қазақтың көне дәстүрі адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Orda.kz.

Парагвайда ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысы өткені жайлы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин хабарлады . 

«Парагвай астанасы Асунсьонда қазақтың ежелгі салттарының бірі «беташар» адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді»деп жазды Қарин.

Еске сала кетейік, осы жылдың мамыр айында президент қазақтың екі дәстүрін мәдени мұралар тізіміне енгізуді жоспарланғаны жайлы мәлімдеген.

«ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне біздің «салбурын» және «беташар» сияқты ұлттық дәстүрлерімізді енгізу мәселесі пысықталып жатыр», деп хабарлады Тоқаев.

Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенция 2003 жылы қазанда Париж қаласында ЮНЕСКО-да қабылданған.Құжаттың негізгі мақсаты адамзаттың материалдық емес құндылықтарын зерттеу, оларды қорғау жөнінде шара қолдану және бұл мәселе бойынша халықаралық ынтымақтастық орнату.

5 желтоқсан, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.