ҚР СИМ Батыс Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті өңірдегі кәсіпкерлік субъектілердің сауда қызметін реттеу заңнамасы талаптарын сақтауына бақылау жүргізеді. Департамент жыл басынан сауда заңнамасын бұзған 209 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды Сауда комитетінің баспасөз қызметі.
ҚР ӘҚБтК 802-бабы негізінде жүргізілген тексеріс нәтижесіне сәйкес Департамент ҚР ӘҚБтК 204-4-бабына сәйкес (ӘМАТ-қа сауда үстемесін 15%-дан арттыру) 138 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік іс қозғады. Оның ішінде 124 кәсіпкерге ескерту берілсе, 14 сауда субъектісі заңды 1 жыл ішінде қайта бұзғаны үшін айыппұл салынды.
Тауардың бағасыкөрсетілмеуі, сондай-ақ дүкен витринасындағы баға мен кассада көрсетілген бағаның сәйкес келмеу фактісі бойынша 62 кәсіпкерлік субъектісіне ҚР ӘҚБтК 193-бабының 4, 5-тармақтары бойынша хаттама толтырылды.
Сондай-ақ өңірлік Департамент ҚР ӘҚБтК 204-2-бабы бойынша (сауда базарларын ұйымдастыру бойынша заң бұзушылық) 9 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік іс қозғады.
ҚР СИМ Сауда комитеті сауда субъектілерін өз қызметін толық сауда заңнамасы аясында жүргізуге шақырамыз.