Атырау, 19 желтоқсан 01:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

Антикор Түркістан облысының автожол саласында жүйелі жемқорлық тәуекелдерін анықтады

Бейнежазба
180 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық департаменттері жемқорлық тәуекелдерін жою және автожолдар саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі. 

Түркістан облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу процестерін талдау барысында бәсекелестікке жатпайтын тәсілмен 2,2 млрд теңгеге негізсіз шарттар жасасу фактілері анықталды.

Әкімдіктер төтенше жағдайлардың салдарын жою немесе зияткерлік меншік объектілерін сатып алу қажеттілігі сылтауымен нақты мердігерлерді іріктеп алған.

Бұл конкурстық процедураларды айналып өтуге және жұмыс тәжірибесі мен ресурстары жоқ фирмаларға артықшылық беруге мүмкіндік берді.

Бұл ретте орташа жөндеу жүргізуге арналған сметаға күтпеген шығыстарға арналған шығындар негізсіз енгізіліп, бұл жұмыстардың 177 млн теңгеге қымбаттауына алып келді.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар талап етілмеген жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 210 млн теңге жұмсады.

Талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзылуына жол берген кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, Түркістан облысының әкімдігі жолдарды орташа жөндеу бойынша күтпеген шығыстарды алып тастады, сондай-ақ қаржыландыру бөлінбестен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге жол бермейтін заңнамалық өзгерістерге бастамашылық жасады.


5 желтоқсан, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.