Атырау, 19 желтоқсан 00:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Оны 900 теңге"​: Атырау базарларын шабақтар сатылып жатыр

1 004 просмотра
Суретті түсірген Виктор Сутягин

Көктем мен жаз бойы бөлініп қалған жайылмадан бүкіл ел болып құтқарған жәйін мен көксеркенің кішкентай шабақтарын қаладағы базарларда сатылып жатқанын көрген тұрғындар наразылық танытты. 

Сол кезде балықты құтқаруға еріктілер, жергілікті атқарушы органдар, балық шаруашылығы саласындағы құрылымдар, «Спецавтобаза» ЖШС қызметкерлері мен аумақтық әскери бөлімнің әскери қызметкерлері жұмылдырылды.

Адамдар наразылығын әлеуметтік желіде жариялап жатыр:

«Ашуланғаннан айтуға сөз таппай отырмын. Бұл қалай болды?! Бұлар Жайықтың балық қорына қандай зиян келтіріп отырғанын шынымен түсінбей ме? Балық шаруашылығын қорғау орындары және жанашыр адамдар бұл шабақтарды сақтап қалуға көмектесіп, оларды өсіп, көбейіп, келесі жылы жазда өздеріне немесе сатуға балық аулау үшін Жайыққа жеткізген еді. Осыйндай майда шабақтарды сатып, байып кетпессіз...»

«Бүгін Ескі базардың балық сататын қатарды аралап жүріп мынадай көрініске тап болды: 20-30 сантиметрлік, көлемі аквариум балықтарындай болатын өте кішкентай көксерке шабақтары сатылып жатыр. Осындай көрініс қаладағы барлық базарларда кездеседі. Бұл кішкентай балықтар әлі өспеген, тіпті пісіргенде дәмі де шықпайды. Суға қайта жібер, жүре берсін, өсіп-өнсін» деді.

Естеріңізге сала кетейік, арналар мен тоғандардан құтқарылған балықтардың саны ондаған миллионға жеткен. Бір ғана Атырау қаласының маңында 20 миллион 393 мың, Махамбет ауданында миллионнан астам, Индер ауданында 12 миллионға жуық шабақ құтқарылды. Ресей Федерациясымен шекаралас Құрманғазин ауданында 56 миллион 370 мың балық аман қалды. 

Арада бірнеше ай өткенде шабақ қалдық өнімге айналды: 100 граммдық он балықтың құны мың теңгеге де жетпейді...

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

5 желтоқсан, 08:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.