Көкшетау қаласының прокуратурасы «Artsport» және «DamuBala» бағдарламалары аясында балаларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт секцияларына бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемаларын анықтады.
Атап айтқанда, Көкшетау қ. бойынша мемлекеттік тапсырыстарды жеткізушілердің бірі секцияларға мүлдем қатыспаған балаларға орындалған жұмыстардың актілерін ұсынды.
Осыған орай, қала прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.