Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Вакцинация науқаны қазан айында басталған.
Вакцинация қыздардың ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі арқылы жүреді.
Екпені мектептегі медицина кабинетінде салады. Министрліктің мәліметінше, ата-аналар өтініші бойынша екпені тұрғылықты жеріндегі емханада да салдыруға болады. Екпе салдырғандар арасында теріс жағдайлар тіркелген жоқ деді министрлік.
Папиллома вирусы әйелдерге өте қауіпті. Ең қауіпті түрі – 16 және 18-типтегі вирус. Мұндай онкогенді вирустар жатыр мойны мен вульвада, ер адамның жыныс мүшесі мен шырышты қабаты бар басқа да органдарында обыр ауруын туғызады.
Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған статистикаға сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын екі мыңға жуық адамнан жатыр мойны обыры анықталады, 600-ден астам әйел өмірін сақтап қалу мүмкін емес.