Атырау, 11 қазан 10:05
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Палата мен төбеттер туралы

2 670 просмотра

Таяу арада Атырауға Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңына түсінік беру үшін астанадан сенатор Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ пен ҚР өңірлік даму министрлігі басқармасының бастығы Мұхтар МЫРЗАХМЕТОВ келді.

ЗАЛ ГУ ЕТТІ

Облыстық әкімдік залында кәсіпкерлерден бөлек Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің өкілдері және монополистер қатысты. Алғаш боп Еңсегенов сөз алды. Болашақ палата туралы белгілі ақпараттан басқа, ол Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) жылдық бюджеті 12-ден 14 млрд теңгеге дейін құрайтынын хабарлады. Осы жерге келгенде зал гу етті. Қаржыны бөлуге келер болсақ, 4 млрд теңге облыс және аудан орталығындағы 200 сервистік кеңселердің жұмысына, сондай-ақ, орталық аппаратты ұстауға жұмсалады. Аудандық филиалдарда 10 сарапшыдан тұратын, ал ірі қалаларда, облыс орталықтарында, кәсіпкерлердің санына қарай – 30-дан 60-қа дейінгі сарапшыдан тұратын штат жоспарланған, оған қоса республикалық деңгейде 150 сарапшы болады. Сонымен қатар экономиканың жекелеген салаларында бизнес-қауымдастықтар көрсететін қызметтерді (стандарттарды жасақтау және сараптау, техникалық регламенттер және т.б.) қаржыландыруға қаржылар қаралуда.

Сенатор сондай-ақ, осы кездесуден басқа, кәсіпкерлер 1 тамызда Орал қаласында өтетін батыс аймағындағы облыстардың өңірлік кеңесінде өздеріне қажетті бүкіл сұрақтарды талқыға сала алатындығын хабарлады. ҰКП бойынша осындай кеңестер екі астананың және оңтүстік облыстардың кәсіпкерлері үшін Алматы мен Таразда өтеді.

2014 жылдың басында басталатын ҰКП-на міндетті мүшелікке келер болсақ: «Атамекен» ҰЭП Атырау филиалының директоры Асылбек ЖАКИЕВТІҢ айтуынша, ол коммерциялық заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлер мен шаруа (фермерлік) қожалықтарына қатысты. Ал шетелдік компаниялардың филиалдары мен өкілдіктеріне, аудиторлық және бағалау қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне, мемлекеттік кәсіпорындарға, коммерциялық емес заңды тұлғаларға қатысы жоқ.

Әрине, кәсіпкерлерді қызықтырған басты мәселе – міндетті мүшелік жарналар болды. Естеріңізге салсақ, шағын бизнеске бес жыл мерзім беріледі.

Кәсіпкерлер (әрі облыстық мәслихат депутаттары)Әділ ЖҰБАНОВ пен Әлия БЕКҚОЖИЕВА палата құрылтайшыларының бірі ретінде үкіметтің ҰКП съезінің шешіміне вето қою құқығына қатысты наразылықтарын білдірді.

Біз палатаны ұстауға осы 12 миллиардты төлейміз, ал үкімет вето қою құқығын өзіне қалдырып отыр. Бұл ақылға сыймайды! –деп есептейді Жұбанов. Ол АЕК мөлшеріне байланысты өсетін мүшелік жарналарды есептеу принципі түсініксіз екенін атап өтті (жарналар мөлшері туралы «АЖ», №25, 20.06.13 ж., «№360 000 палата» жарияланымынан қараңыз).

Мырзахметов пен Еңсегенов мұның бәрі кәсіпкерлердің өздерінің мүдделері үшін, соның ішінде дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйеніп жасалып жатқандығына иландыруға тырысты.

 

ҮКІМЕТ КЕТЕДІ

Жакиевтің айтуынша, бастапқы кезде құрылтайшылар құрамына үкіметтің қатысуы және вето қою құқығы, ең алдымен, алдағы уақытта мемлекеттік органдардың функцияларын палатаға табыстауға байланысты болып отыр екен. Оған қазіргі уақытта кәсіпкерлерге «Даму» Қоры көрсетіп отырған сервистік қызметтер, сондай-ақ экспортты қолдау операторының (қазіргі уақытта мұнымен KazNexInvest агенттігі айналысады) және өткізу қосындарында кедендік инфрақұрылым орнату қызметтері көшеді. 5 жылдық өтпелі кезең өткеннен кейін үкімет құрылтайшылар құрамынан шығады.

Сондай-ақ, қызмет ететін салалық қауымдастықтардың тағдыры туралы сұрақ туындады: олар міндетті мүшелігі бар ҰКП-мен бәсекелестікке төзе ала ма? Жакиевтің сендіруінше, бұл жерде бәсекелестік туралы әңгіме де болмау керек. Керісінше, ҰКП осы бірлестіктердің консалтингтік және басқа да қызмет түрлеріне қаржы бөлетін болады. Шарты: бизнес-қауымдастықтар тіркеуден өтуі тиіс.

Еңсегенов бұл жағдайда тарихы бар мықты қауымдастықтар сақталып қалады деп болжам жасады. Оның сөзімен Жакиев келісті:

700 қауымдастықтың бар болғаны 2-3 пайыз кәсіпкерлерді біріктіріп отырғанын талдау жұмыстары көрсетіп отыр. Нақты жұмыс жасайтын қауымдастықтарға келер болсақ, оларды ешкім де жоймайды. Керісінше, олар палата тарапынан жан-жақты қолдау табатын болады. Бұл заңды тұрғыда жазылған.

Бекқожиева өзін мазасыздан-дырған сұрақтарды айтты: орта бизнеске жататын кәсіпкерлер мүшелік жарналарды төлемеу үшін өз бизнестерін жеке кәсіпкерлікке ұсақтап жібермей ме? Еңсегенов бұған ішінара келісті:

Олай болуы да мүмкін, бірақ уақыт көрсетеді.

Ал Жакиевтің пікірінше, орта бизнес субъектілерінен алынатын360 мың теңге жылдық мүшелік жарна соншалықты көп сома емес екен.

Мемлекеттік органдардың тарапынан жасалатын жасанды кедергілердің салдарынан бизнес одан да көп жоғалтады.

Жалпы залдан ҰКП-на сақтық танытқан әсер сезілді. Осы тұрғыда танымал атыраулық кәсіпкер Зураб БОБОХИДЗЕНІҢ сөзін орынды деуге болар еді:

Осындай мекемені осыдан 15-20 жыл бұрын құрғанда ғой, мен ет өңдейтін өз кәсіпорнымды жаппас едім. Ол жақсы жұмыс жасап тұрды. 33 келіден бастады, ал соңына қарай 15 тоннаға дейін өңдеді. Жұмыс жасауға мүмкіндік бермеді ғой. Біресе бір бақылаушы, енді бірде басқасы келеді. Осындай Палатаның пайда болғаны жақсы болды. Әйтпесе (эмоцияға беріліп), кез келген төбет келіп, басымызға әңгіртаяқ ойнатады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

25 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.