Атырау, 19 сәуір 08:49
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

№360 000 палата

2 960 просмотра

12 маусымда Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы туралы» және осымен бірге «Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын бірінші оқылымда қабылдады. Мұның бизнеске тигізер пайдасы жөнінде «Атамекен» ҰЭП-тың Атырау филиалының жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінде әңгіме болды.

 

БҰЛ МЫҚТЫ ҚҰРЫЛЫМ БОЛМАҚ

«Атамекен» ҰЭП филиалының басшысы Асылбек ЖАКИЕВ мұндай құрылым Қазақстанға керек деп сенімділікпен айтты. Бүгінде, оның айтуынша, «кәсіпкер бюрократиялық рәсімдердің қысқаруымен, экономикалық жағдайға талдау жасаумен, елден тысқары жерде өткізу нарығын іздеумен жалғыз дара айналыса алмайды, ғаламдық экономикалық үрдістерге қарсы тұра алмайды». Дамыған елдерде бұл мәселелерді бизнес қауымдастықтар, яғни, кәсіпкерлердің аумақ немесе салалық белгілері бойынша бірлестіктері шешеді. Қазақстанда мұндай 700-ге тарта бірлестік бар. Алайда олар негізінен облыс орталықтарында орналасқан, бұл жағдайда ауыл кәсіпкерлеріне өз проблемаларын өздері шешуге тура келеді. Сондықтан да, дейді Жакиев, Аустрия мен Түркияның іс-тәжірибелерін ескере отырып, кәсіпкерлерді бір мықты құрылымға – Ұлттық палатаға біріктіру керек деп шешілді.

Осыдан кейін, ешбір заң және ешбір үкімет қаулысы бизнестің еркін дамуына кедергі келтіретін болса, қабылданбайды. Айта кетсек, кәсіпкерлер орталық аппарат пен жергілікті филиалдарда (16 өңірлік палата, республикалық дәрежедегі қалалар мен моноқалалардағы 27 палата, 187 аудандық филиалдар, сондай-ақ шетелдегі өкілдіктер) заңнамалар мен мемлекеттік бағдарламаларға қоғамдық мониторинг жасап, билік органдары жұмыстарына баға беріп, бюджеттік қаражаттар тиісінше жұмсалуына бақылау жүргізетін болады.

Отырыстың бір қатысушысы осы Ұлттық палата салық төлеушілердің ақшасымен қамтамасыз етілетін тағы бір «бизнесті дамыту министрлігі» болмай ма деген күдігімен бөлісті. Бізде 1999 жылы ҚР шағын бизнесті қолдау агенттігі, 2002 жылы ШОБ мәселелері бойынша үкімет жанындағы комиссия құрылып, соңынан жойылып кеткендері барлығымыздың есімізде. Ал 2011 жылы Экономикалық даму министрлігі жанында Кәсіпкерлікті дамыту бойынша комитет құрылды...

Бұған Жакиев үкімет палата жұмысына тек өтпелі кезеңде ғана араласатын болады, уақыт өткеннен кейін құрылтайшылар құрамынан шығады деп жауап берді.

 

БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙ МА?

Бәрінен бұрын кәсіпкерлерді ҰКП-ға барлық кәсіпкерлік субъектілердің міндетті түрде мүшелікке өтіп, міндетті мүшелік жарна төлейтіндіктері алаңдатты. Бұл бағытта «мүдделерге өкілеттік ету және кәсіпкерлердің құқығын қорғау» деген сияқты бұлыңғыр тұжырымдардай емес, бәрі анық, іскерлікпен белгіленген. Жыл сайын ҰКП 1 шілдеге дейін кәсіпкерлік субъектілеріне салық органдарына берген мәліметтері негізінде мүшелік жарна төлеу үшін шоттар жібереді. Жарналар 31 желтоқсанға дейін төленеді. Шағын бизнес өкілдері өтпелі кезеңде – 5 жыл бойы мүшелік жарнадан босатылады.

Алға қарай міндетті жылсайынғы жарналардың ең жоғары мөлшерін үкімет белгілейді. 5 жылдан кейін жарнаны шағын бизнеске де төлетете ме, жоқ па, ҰКП шешетін болады.

Кәсіпкерлердің жарналары бірден салықтық шегерімдерге жатқызылады және бұл қосымша шығындардан құтқарады. Мүшелік жарналар мөлшері кәсіпкерлік субъектісінің жиынтық жылдық табысына байланысты сараланады.

Естеріңізге сала кетсек, орта бизнеске қызметкерлерінің орташа жылдық саны - 50-ден 250 адам немесе активтерінің орташа жылдық құны 60 000 АЕК-тан 325 000 АЕК-ке дейін (2013 жылғы жоғарғы шегі – 562 млн 575 мың теңге) құрайтын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жатады. Осыларға сәйкес шағын және ірі бизнес анықталады.

Бастапқы кезеңге жылсайынғы жарна орта бизнеске - 360 мың, ірі бизнеске 3 млн 600 мың теңге белгіленген.

Жиналған ақшаларды қайда жоятынын ұлттық палатаның съезі шешеді. Оның делегаттарының50%-ы – өңірлерден дауыс беру арқылы келген кәсіпкерлер, қалған 50%-ы – бизнес қауымдастықтардың өкілдері.

Болашақ палата ШОБ құқықтарын қорғау үшін құрылғанын ескеріп, мен Жакиевке өзінің жақына қалалық прокуратурада айтқан «жеке кәсіпкерлер заңды тұлға болып танылмауы керек» деген сөзін есіне салдым.

- Жеке кәсіпкерлердің жұмыс жасауына қауіп төндіріп тұрған осы өзекті мәселені шешу бағытында не жасалды?

- Атырау қаласы прокуратурасына, Атырау облыстық әділет департаментіне жеке кәсіпкерлерді заңды тұлға деп танудың заңдылығын анықтау туралы ресми сұраныс жіберілді. Мәселені шешуге бірқатар облыс мәслихатының депутаттары да қосылды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

19 маусым 2013, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.