Атырау, 17 сәуір 01:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18

«Каспий» футбол клубындағы жымқыру дерегі бойынша

309 рет қаралды

Маңғыстау облысының прокуратурасымен «Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғаны анықталды.

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп осы фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды.

Сонымен қатар соңғыдан 15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген.

3.12.2024 ж. футбол клубының экс-басшысын, «К» және «О» азаматтарын қамауға алуға санкция берілді.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
 

4 желтоқсан 2024, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.