Атырау, 5 желтоқсан 00:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.58
€ 549.71
₽ 5.01

Бүгін елімізде құбылмалы ауа райы күтіледі

113 просмотра
Фото: freepik.com

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей өңірлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің күшеюі байқалып, боран соғуы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 04 желтоқсан тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысы

Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қ.: 04 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 04 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі.

Абай облысы

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жолдарда коктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысы

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау облысы

Түнде және таңертең Атырау облысының шығысында тұман күтіледі.

Қостанай облысы

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 04 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

Ұлытау облысы

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қарағанды облысы

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ сақталады. Ақтөбе қ.: 04 желтоқсанда көктайғақ сақталады.

Астана

Астана қ.: 04 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Ақмола облысы

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Алматы облысы

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.

Жетісу облысы

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.

Кеше, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.