Атырау, 4 желтоқсан 13:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.17
€ 550.06
₽ 4.93

Мектепте жаңажылдық шыршаға ақша жинауға бола ма

251 просмотра
Фото: freepik.com

Мектеп басшылығына жаңажылдық шырша мен сенбілік өткізуге ата-аналардан ақша жинауға тыйым салынған. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметте өткен брифингте журналистер министрден биыл мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өткізу, сенбілік пен шыршаға ақша жинау мәселелері туралы сұрады.

Министрдің айтуынша, мектептерде ешқандай да ақша жиналмауы керек.

«Ақша жинауға министрліктің бұйрығымен де тыйым салынған. Сондықтан мектепте ешқандай ақша жиналмауы керек. Бұл мектеп бітіру кешіне де, жаңажылдық шыршаға да қатысты. Кез келген шараны ақша жинамай-ақ өткізуге болады. Оның үстіне қазір барлық шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жоспарланған. Кез келген іс-шара көңіл көтеруге ғана емес, жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталуы тиіс», - деп жауап берді Бейсембаев.

Министр сенбілік пен жаңажылдық шыршаны қосымша шығынсыз өткізуге болатынын атап өтті.

Сондай-ақ, ол мұғалімдерге рұқсат етілген мөлшерде ғана гүл сыйлауға болатынын айтты.

«Жалпы мұғалімдер ешкімнен сыйлық күтпейді. Біз, педагогтар, балаларды оқытып, тәрбиелегеніміз үшін материалдық ынталандыруды дәметпейміз. Сол себепті егер жекелеген білім беру ұйымдарында осындайға жол берілсе, біз тиісті шара қабылдаймыз. Шын мәнінде, мектеп - сапалы білім мен тәрбие беретін орын», - деді министр.
Кеше, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.