Атырау, 5 желтоқсан 00:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.58
€ 549.71
₽ 5.01

Ақтөбе облысында жол құрылысы барысында елеулі кемшіліктер анықталды

278 просмотра
видеодан скриншот

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және оның аумақтық департаменттері жемқорлық тәуекелдерін жою және автожол саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Антикор.

Мәселен, Ақтөбе облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу мониторингі барысында жол жобаларын жоспарлау кезінде елеулі кемшіліктер анықталды.

Мысалы, ағымдағы жылы бюджеттен шамамен 600 млн теңге бөлінген «Мәртөк – Дмитриевка – Байторысай – Полтавка» жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл ретте құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғанға дейін 4 шақырым жол жарамсыз болып қалды.

Жобада айналма жол қарастырылмағаны анықталды. Нәтижесінде мердігер инертті материалды жаңа жол жамылғысы арқылы тасымалдаған.

Сонымен қатар, келісімшарт жасасу кезінде мердігер үшін 2 жылдық кепілдік міндеттемелердің орнына бір жыл ғана белгіленген.

Талдау қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының әкімдігі орташа жөндеудің кепілдік мерзімін қайта қарады, жол жабынын қалпына келтіру мәселесі бойынша мердігерге қатысты талап арыз берілді.

3 желтоқсан, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.