Электронды кезек жүйесі «Сargoruqsat» бүгінгі таңда Қытаймен, Өзбекстанмен, Түрікменстан және Ресей шекарада қолданылады, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Қазақстан-Ресей шекарасында электрондық кезек 2023 жылдың қараша айынын бастап 24 өткізу пунктінде кезең-кезеңімен енгізілуде.
Сондай-ақ «CarGoRuqsat» мемлекеттік органдардың 18 ақпараттық жүйесіне біріктірілген, соның есебінен тасымалдаушылар айыппұлдар мен берешектердің болуы, тауарларды өткізу үшін тиісті құжаттарды ресімдеу қажеттілігі және т. б. туралы ақпаратты алдын ала алады.
Іске қосу басталғаннан бері Қазақстан-Ресей шекарасында электрондық кезек жүйесі арқылы 89,5 мыңнан астам жүк автомашиналар өткен.
2025 жылдың қаңтар айының ортасына соңғы кезенде, ең ірі автомобиль өткізу пункттерінде «CarGoRuqsat» іске қосу жоспарлануда, бұл Ресей Федерациясымен барлық шекараны электрондық кезек жүйесін қамтуға мүмкіндік береді:
- «Жаңажол» (Солтүстік Қазақстан облысы), «Сырым» (Батыс Қазақстан облысы), «Қайрақ» (Қостанай облысы) және «Жайсан» (Ақтөбе облысы) автомобиль өткізу пункттері.
Барлық туындаған мәселелер бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің Сall-орталығына 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы хабарласуға болады.