Атырау, 24 наурыз 10:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Жедел жәрдем бригадалары 7 млн астам шақыртуға қызмет көрсетті

592 рет қаралды
gov.kz

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанда жедел медициналық жәрдем (ЖМЖ) бригадалары 7 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсетті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Өткен жылмен салыстырғанда шақыртулар санының артуына қарамастан, табысты реанимацияның негізгі көрсеткіші 7,1%-ға артып, барлық жағдайлардың 51,7%-на жетті.

«103»- ке шақырту түскен сәттен бастап пациентке жеткенге дейінгі ЖМЖ бригадасына жетудің орташа уақыты мынадай нормативке сәйкес келеді: жеделдіктің 1-санаты бойынша – 9 минут, жеделдіктің 2-санаты бойынша – 12,3 минут, жеделдіктің 3-санаты бойынша – 17,9 минут, 4-санат бойынша – 24,3 минут.

ЖМЖ қызметі ел бойынша 20 дербес станциядан, 98 қалалық кіші станциядан және 232 аудандық бөлімшеден тұрады.

Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада жұмыс істейді, республика бойынша шұғылдықтың 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін МСАК ұйымдарының жанындағы ЖМЖ бөлімшелерінде 446 бригада жұмыс істейді.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және 17 облыста шақыртуларды автоматтандырылған басқару жүйесімен (АБЖ) жарақтандыру деңгейі 100%-ды құрайды.

Бүгінгі таңда «жедел жәрдем» қызметінің теңгерімінде 2 355 бірлік, оның ішінде 1 482 бірлік қалада және 873 бірлік ауылдық жерде санитариялық автокөлік бар.

2 желтоқсан 2024, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.