Атырау, 16 желтоқсан 22:29
 ашықВ Атырау -7
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Қызылорда қаласындағы емхана анықтама құнын негізсіз қымбаттатқан

580 рет қаралды
Фото: freepik.com

Қызылорда қаласының прокуратурасы дәрігерлік анықтама үшін қызмет құнының негізсіз қымбаттатылғанын анықтады, деп хабарлайды Қызылорда облысының прокуратурасының баспасөз қызметі.

Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден өткізу жөніндегі комиссияның құрамына  учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы дәрігерлік практика дәрігері, психиатр, офтальмолог және отоларинголог енгізіледі.

Алайда, Қызылорда қалалық орталық емханасында №073/е анықтамасының (жүргізуші куәлігі үшін қажетті) қызмет құнына терапия, офтальмолог, отоларинголог медбикелерінің ақысы негізсіз қосылған.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін анықтама үшін қызметтің құны 5700 теңгеден 3500 теңгеге дейін төмендетіліп, шектелмеген тұлғалардың құқықтары қорғалды.

2 желтоқсан 2024, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.