Атырау, 4 желтоқсан 14:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.17
€ 550.06
₽ 4.93

Вице — премьер Тамара Дүйсенова СҚО-ға жұмыс бабымен келді

141 просмотра
Фото:gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өзекті мәселелерді шешуге бағытталған кездесулер өткізді, деп хабарлайды Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмiдігінің баспасөз қызметі.

Петропавлдағы «Балдәурен» балабақшасында Тамара Дүйсенова мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен  кездесті. Жиында мектепке дейінгі білім беру саласының дамуы, оның ішінде балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру мәселесі талқыланды. Бұл жүйеге келесі жылдың мамыр айында Петропавлдың балабақшалары да қосылады.

Вице-премьер жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде цехтарды аралап, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорларымен жиын өткізді.  Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Солтүстік Қазақстан облысында қазір 24 колледж жұмыс істейді, онда 11 мыңнан астам студент білім алуда, оның ішінде 13 колледж жұмысшы мамандықтары бойынша кадр даярлайды. Осы оқу жылында 3,6 мың адамға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. 

Тамара Дүйсенова  М. Жұмабаев атындағы IT-мектеп — лицейінде оқу кабинеттерінің жұмысымен танысып, «Мақсатты мектептер» жобасының жүзеге асуы бойынша мектеп директорларымен жиналыс өткізді. Бұл республикалық жобаға облыстың 20 мектебі қатысады, оның 13-і ауылдарда. Жоба аясында әдістемелік сүйемелдеу, педагогтердің біліктілігін арттыру және оқу процесін жетілдіру жоспарланған.  

Вице-премьер Петропавлдағы жаңа үстел теннисі орталығында спорттық ұйымдардың басшыларымен кездесті. Жиында саланы басқару және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне қаржыландыру жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.

2 желтоқсан, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.