Атырау, 6 қаңтар 02:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 526.11
€ 542.31
₽ 4.76

Тергеушінің қызметі үшін кек алу

684 просмотра
gov.kz

  Сот үкімімен билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін үш адам сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі.

    Құқық қорғау органының тергеушісі мемлекеттік орталық органдардың бірінің лауазымды тұлғалары мен ЖШС басшылығына қатысты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп, компанияның активтерін бұғаттаған. Оның қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында сотталған үш адам тергеушіге шабуыл жасауды ұйымдастырған.

    Қылмыстық ниеттерін іске асыру барысында олар жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына барып, үйінің кіреберісінде оған шабуыл жасаған.

    Сотта мемлекеттік айыптаушы шабуыл жасағандардың кінәсін толық дәлелдеді.

    Сот үкімімен шабуылдың ұйымдастырушысы 5 жылға бас бостандығынан айырылып, қалған екі қатысушы сәйкесінше 4 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Үкім заңды күшіне енді.

29 қараша 2024, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.