Ақтөбе медициналық университетінің ректоры Әсет Қалиев пара алды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті ректоры Әсет Қалиев 11,6 млн теңге көлемінде пара алған. Ректор қамауға алынды.
Қалиевке 696 млн теңге айыппұл салынады немесе 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Шымкенттегі М. Әуезов атындағы университеттің ректоры пара алды деген айыппен екі ай мерзімге қамалған еді.