Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Баяндамадан;
"Ағымдағы жылы жеңіл мұнай өнімдерін өндіру 10,9 млн.тонна (автобензиндер – 5,1, авиаотын – 0,6 және дизель отыны – 5,2), битум өндірісінің болжамы – 0,8 млн. тонна деңгейінде жоспарлануда.
Ішкі нарықта жанар-жағармаймен және битум тапшылығы тәуекелдерінің туындауының алдын алу үшін жыл сайынғы негізде болжамды деректерге сәйкес Қазақстан мен Ресейдің Энергетика министрліктері арасындағы индикативтік теңгерім бекітіледі.
Ағымдағы жылғы теңгерімге сәйкес шамамен 1,0 млн.тонна (автобензиндер – 0,285, авиаотын – 0,3, дизель отыны – 0,45) және битум – 0,5 млн. тонна көлемінде жеңіл мұнай өнімдерінің импорты көзделеді.
2032 жылы жеңіл мұнай өнімдерін өндіру 19,0 млн.тоннаға дейін (автобензиндер – 8,2, авиаотын – 1,5 және дизель отыны – 9,3) және битум өндіру 2,5 млн. тоннаға дейін ұлғаяды.
Бұл жағдайда импорт тоқтатылады және артық жанар-жағармай экспорты басталады (өндірілетін көлемнің ең азы 10%).
Сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету Үкіметтің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша сұйытылған мұнай газын (бұдан әрі – СМГ) өндіру көлемі 2023 жылмен (2,4 млн.тонна) салыстырғанда 2,5 млн. тоннаны немесе 104%-ды құрады. 2024 жылға жоспарланған өндіріс көлемі шамамен 2,9 млн. тоннаны құрайды.
Министрлік ай сайын ішкі нарыққа 130-140 мың тонна бөледі, қажеттілігі шамамен 164 мың тонна.. Министрлік СМГ нарығын тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар қабылдауда – бұл СМГ-ын Қазақстан аумағынан әкетуге тыйым салуды енгізу (2023 жылғы қарашадан бастап), сондай-ақ жаңа кен орындарын іске қосу.
Анықтама үшін: Рожсковское к/о - жыл басынан ай сайын 6 мың тоннаға ұлғайту және Теңізшевройлдан коммерциялық газ көлемін жылына 120-дан 240 мың тоннаға дейін ұлғайту (мерзімі 2026 жылға дейін).
СМГ тұтынуының болжамды өсуін ескере отырып, жаңа қуаттарды енгізу және 2032 жылға қарай сұйытылған мұнай газын өндіру көлемін 4,2 млн.тоннаға дейін жеткізу бойынша шаралар қабылдануда.
Анықтама үшін:
«ҚазГерМұнай» ГӨЗ-де 2025 жылдан бастап СМГ өндірісін қосымша 60 мың тоннаға арттыру.
2041 жылға дейін Қашаған СМГ-ды 700 мың тоннаға дейін қабылдау.
Қашаған ГӨЗ құрылысы, 2026 жылы өндіріс көлемі жылына 115 мың тонна болатын 1 млрд.
Қарашығанақ ГӨЗ құрылысы 2028 жылы 2,5 млрд және өндіріс көлемі жылына 200 мың тонна.
Қашаған ГӨЗ құрылысы 2030 жылы 4 млрд. және өндіріс көлемі жылына 228 мың тонна".