Атырау, 23 желтоқсан 22:21
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Заманбек Нұрқаділовтің жұбайы бақилық болды

243 просмотра

Құралай Нұрқаділова Instagram парақшасында Заманбек Нұрқаділовтің алғашқы жары, өзінің анасы  — Нұрбикенің қайтыс болғаны туралы жазды, деп хабарлайды Orda.kz.

«Бүгін түнде еліміз үшін маңызды тұлға өмірден өтті. Ол – Заманбек Нұрқаділовтің қалыптасу жылдарында серігі болған әйел. Саясатта ақылды, білімді және сауатты Нұрбике Ілімбайқызы. Сонымен қатар, өте қарапайым және зиялы жан еді. Ол туралы көп айтуға болады», – деп жазды Құралай Нұрқаділова. 

Оның айтуынша, анасы Совет Одағы кезіндегі және одан кейінгі елдің жағдайы туралы көп нәрсе айта алатын еді. Көптеген жас саясаткерлер оның қолдауымен алға жылжыған. Ол барлық тарихи оқиғаларды жақсы білетін және оларды өте қызықты жеткізе алатын. 

«Менің анамның даналығына оны танитын әрбір адам тәнті болатын. Иманды бол, анашым, қолымнан келгеннің бәрін жасадым!» – деп түйіндеді сөзін. 

Нұрбике Нұрқаділова 79 жасында өмірден өтті.

22 қараша, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.