Атырау, 23 желтоқсан 22:19
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

166 просмотра
Фото: freepik.com

Еліміздің солтүстігінде аяз көтеріліп, кей жерлерде боран соғады. Батыс пен оңтүстікте ауа райы салыстырмалы түрде жылы, кей аймақтарда жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Шығыста қалың қар жауып, күн суытады. Орталық өңірлерде аязды, ашық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қызылорда облысы

22 қарашада түнде Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 22 қарашада түнде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. қ. Шымкент: 22 қарашада түнде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. қ. Түркістан: 22 қарашада түнде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қостанай қ.: 22 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 22 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана

Астана қ.: 22 қарашада түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысы

Түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысы

Абай облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 22 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

Ақтөбе облысы

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Алматы облысы

Алматы облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында кей уақыттарда екпіні 18 м/с. Алматы қ.: 22 қарашада түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 22 қарашада түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с.

Атырау облысы

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырау қ: 22 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 22 қарашада түнде жаяу бұрқасын күтіледі.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 22 қарашада тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 22 қарашада тұман күтіледі.

Ақмола облысы

Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

22 қараша, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.