Атырау, 23 желтоқсан 22:02
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді

222 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді, деп  мәлімдеді Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.

Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр.Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау.Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын", - деп жазды Берік Уәли.


22 қараша, 08:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.