Атырау, 23 желтоқсан 22:17
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қазақстан мен Сахалин көміртекті реттеу және климаттық күн тәртібі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

155 просмотра
gov.kz

Екіжақты ынтымақтастықты дамыту шеңберінде 2024 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев Ресей Федерациясы Сахалин облысы Үкіметі төрағасының орынбасары В. В. Аленковпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында көміртекті реттеу жүйелерін құруда тәжірибе алмасудың негізгі мәселелері талқыланды. Екі тарап Климаттық саясатты жақсарту және экологиялық бастамаларды іске асыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

Төмендегілерге ерекше назар аударылды:

Халықаралық форумға шақыру: Сахалин облысы Қазақстан Республикасының делегациясын 2025 жылғы 15-16 мамырда Сахалинде өтетін БРИКС елдерінің халықаралық экологиялық-климаттық форумына шақыруды жоспарлап отыр. Форум тұрақты даму саласындағы идеялармен және үздік тәжірибелермен алмасу үшін маңызды алаңға айналады.

Сахалин облысы 2025 жылдың қорытындысы бойынша көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді жоспарлап отыр.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы осындай құжатты әзірлеу үшін үлгі болып табылады.

Кездесу соңында тараптар тұрақты болашақты қамтамасыз етуге бағытталған климаттық саладағы әріптестікті одан әрі дамытуға өзара қызығушылықты растады.

21 қараша, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.