Атырау, 24 желтоқсан 00:03
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Ұлытау облысында 172 000 гектардан астам жер қайтарылды

160 просмотра
gov.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті 2024 жылы Ұлытау облысы бойынша жалпы ауданы 170 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарланған болатын. Жерді қайтару жоспары орындалды: жалпы ауданы 172 мың 526 га учаскелер, оның ішінде егістік – 92 032 га, жайылым – 78 766 га, өзге жерлер -1 728 га, деп хабарлайды Комитеттің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы Ұлытау облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлері облыс аумағында жер қатынастары саласында жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында жоспардан тыс тексерулер жүргізді.

Олардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 136, 338-баптарына сәйкес айыппұлдар салынып, мемлекет кірісіне 6,1 млн.теңге өндіріп алынды.

21 қараша, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.