Атырау, 19 желтоқсан 02:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды

361 рет қаралды
Фото: primeminister.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Сенат кулуарында байланыс операторларының тариф бағасын көтеруіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Министрден тілшілер баға мен сапа қашан бір-біріне сай болады деп сұрады.

"Сіздердің талап етулеріңіз дұрыс. Біз де, үкімет ретінде, талаптарды күшейтіп жатырмыз. Қазір біз секундтағы мегабит саны бойынша минималды деңгейді көтеріп жатырмыз. 5G-ге қойылатын талапты 50 мегабитке дейін арттыру бойынша жұмыс жасап жатырмыз, әрі қарай да жалғастырамыз деп ойлаймын. Сіздер үнемі видео жіберетін шығарсыздар. Сондықтан Wi-Fi бар кезде соған қосылып жүруге кеңес беремін. Мен де солай істеймін", – деді Мәдиев.

Ал пайдаланушыларға ескертусіз тарифтерді көтеруге тыйым салу мәселесі бойынша министрлік ешқандай шара қолдана алмайтындарын алға тартты.

"Бізде бағалар Кәсіпкерлік кодексі бойынша реттелмейді. Олар базалық станциялар мен антенна-мачталық құрылымдарға үлкен инвестиция құяды.Сол себепті біз оларға тыйым сала алмаймыз", – деп түсіндірді министр.
21 қараша 2024, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.