Атырау, 24 желтоқсан 04:14
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құрылады

412 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Мәжіліс депутаттары "Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатты Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан таныстырды.

"Бұл келісім 2023 жылы 13 қазанда Бішкекте жасалған. Құжат орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құруды көздейді. Ол халықаралық құқық субъектісі бар үкіметаралық ұйымға айналады. Орыс тілі ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдерімен қатар БҰҰ-ның ресми тілі мәртебесіне ие. Шарт тараптар арасындағы достықты, татулық пен ынтымақтастықты, оның ішінде орыс тілін мемлекетаралық қатынас тілі және қарым-қатынас құралы ретінде сақтау және ілгерілету арқылы дамытуға және нығайтуға бағытталған", – деді халық қалаулысы.

Комитет заң жобасын жұмысқа алып, ол бойынша қорытынды әзірлейді.

20 қараша, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.